banner

Семейдегі ЖЭО-дағы өрт: Құтқарушылар қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр

637

Өрт салдарынан қатты отын беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды.  

Семейдегі ЖЭО-дағы өрт: Құтқарушылар қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр Фото: halyq-uni.kz

Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семейдегі ЖЭО-1-дегі қазандық агрегаттарына көмір салуға көмектесіп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"15 желтоқсан күні сағат 00.34-те Абай облысының Семей қаласында ЖЭО-1-дегі ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанып кетті. Сағат 01.36-да өрт толығымен ауыздықталды. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10.00-ден бастап Төтенше жағдайлар мен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастаған болатын", - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу