Семей–Курчатов тасжолындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты

386

​26 тамыз күні сағат 15:30 шамасында Семей–Курчатов автожолының 35-шақырымында екі көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Семей–Курчатов тасжолындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты Фото: ЖИ

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі "Газель" көлігін басып озбақ болып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Сол сәтте қарсы келе жатқан Kia Rio көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Полиция жол қозғалысы ережесін бұзу және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу