Қазір оны елімізден бөлек шет елдерден іздеп келетіндер тым көп.
Өз ісінің шебері, жүйке жүйесі зақымдануының ең ауыр түрлеріне шалдыққан сәбилерге де ем қондырған. Шет елдік мамандардан тәжірибе алып, біліктілігін үнемі шыңдап отырады. Нәтижесінде 10 жылға жуық уақытта 500 ден астам баланы қадам бастырды.
Аяғыма тұра алмай, жүре алмайтынмын. Өзім Алматыданмын. Қазір 10 жастамын. 2 жасымнан бері емделіп жүрмін. Ең бірінші қадамдарымды Данияр ағаның арқасында жасадым. Қазір төртінші сыныпқа көштім. Мектепке кәдімгідей қадам басып, өзім барып жүрмін. Түрлі ән байқауларында жеңімпаз атандым. Киноға түстім. Егер Данияр аға болмағанда, мен мұның бәрін істей алмас едім. Ағаны жақсы көремін. Көп рахмет айтамын! – дейді, Нұрай Өміржан.
Данияр айына 25 балаға дейін емдік дене шынықтыру жасайды. Алайда маманның көмегіне деген сұраныс тым көп. Елімізден бөлек Ресей, Украина, Татарстаннан іздеп келетіндер бар көрінеді.
Үш жылдан бері келіп сал дертіне шалдыққан қызым ем алады. Қарағандыдан келіп тұрамыз. Балам қимылдап, тік отырып үйренді. Қазір еңбектей бастады. Өте білікті маман. Алғысымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын-дейді Қарағанды қаласының тұрғыны, Эльнара Смағұлова.
Еліміз бойынша сал дертіне шалдыққан 20 мыңнан астам сәби бар. Көп жағдайда, дер кезінде көрсетілмеген көмектің кесірінен денінің дерті асқынады. Сондықтан ерекше сәбилерге уақытында кешенді ем жасау қажет. Өкініштісі бізде ондай орталықтар саусақпен санарлық.
Балалармен қарым-қатынас, тіл табысу бірінші орында тұрады деп ойлаймын. Және де білімді жетілдіретін мамандық болып табылады. Жал сайын біз жан-жаққа барып білім алудамыз. Шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді. Себебі балалар жылайды бұл кезде. Жаттығу жасамайды, қырсығады. Еркеліктерін көрсетеді деген сияқты. Бірақ, сал болған сәбилерді ерте кезден, үзбей емдеу керек. Мен қолымнан келгенше бүлдіршіндерге ем қондыруға тырысып жүрмін, - дейді емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, Данияр Болатов.
Қазір аядай бір бөлмеде ғана жүздеген бүлдіршінге дауа сыйлап жүрген жігіттің арманы, шәкірт тәрбиелеп сал болған сәбилерге кәсіби көмек беретін орталық ашу.