Бүгін Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі басталады. 13 қаңтарға дейін созылатын бәсекеге Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Хайденхайм төрінде Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Дмитрий Адайкин, Вадим Шарлаимов және Иван Дерябин сынға түседі.
Еске сала кетейік, Швейцарияның Берн қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Дмитрий Алексанин қола медаль иеленген болатын.
Германияға Қазақстан командасын бапкерлер Сергей Шабалин мен Альберт Шешин бастап барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу