Семсерлесуден Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 2 күміс медаль жеңіп алды

285

Олар Оңтүстік Корея командасына финалда жол берген. 

Семсерлесуден Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 2 күміс медаль жеңіп алды Фото: Olympic.kz

Манамада өткен семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлде иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Olympic.kz жазуынша, кадеттер арасындағы бәсекеде Кирилл Проходов шпагамен семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол гонконгтық қарсыласына 11:15 есебімен жол берді. 

Ал соңғы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірім қыздар командасы күміс медаль жеңіп алды. Әмина Саматова, Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Полина Лесовская төрттігі шпагамен семсерлесуден финалда ғана сүрінді. 

Олар Оңтүстік Корея командасына финалда жол берген. Ал турнир барысында жарыстың бірінші нөмірі саналатын Қытай командасынан басым түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу