Семсерлесуден Гран-при турнирі: Ульяна Балаганская қытайлық спортшыдан ұтылды

593

Аталған кездесуде 15:10 есебімен қытайлық спортшы жеңіске жетті.  

Семсерлесуден Гран-при турнирі: Ульяна Балаганская қытайлық спортшыдан ұтылды

Катардың Доха қаласында өтіп жатқан шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирінде қазақстандық Ульяна Балаганская негізгі айналымнан сырт қалды деп жазады Olympic.kz. 

Ульяна іріктеу айналымында төрт рет жеңіске жетіп, екі рет ұтылған болатын.  Ал үздік 64 спортшының қатарына ену үшін Балаганская қытайлық Ю Сиханмен кездесті. Аталған кездесуде 15:10 есебімен қытайлық спортшы жеңіске жетті. 

Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты 104-ші орынмен аяқтаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу