Семсерлесуден Гран-при турнирлеріне қатысатын Қазақстан командасы анықталды

613

Семсерлесуден Қазақстан командасы жаңа маусымдағы жарыстар тізбегін бастайды. Қаңтар айында отандық спортшылар бірнеше ірі жарысқа қатысады.

Семсерлесуден Гран-при турнирлеріне қатысатын Қазақстан командасы анықталды

8-13 қаңтар аралығында Канаданың Монреаль қаласында саблядан ерлер мен әйелдер арасындағы Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

 Аталған сынға Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай мен Илья Мокрецов қатысады. 

9-13 қаңтар күндері Кубаның Гавана қаласында шпагадан әйелдер арасындағы әлем кубогі кезеңінің жеңімпаздары анықталады. Аталған сында Ульяна Балаганская сынға түседі. 

Сондай-ақ, 9-13 қаңтар аралығында Германияның Хайденхайм қаласында шпагадан ерлер арасындағы әлем кубогі өтеді. Германиядағы бәсекеге Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Элмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин және Сертай Ерлік қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу