Семсерлесуден Қазақстан командасы үш бірдей ірі жарысқа қатысады

788

Наурыз айынан бастап шпагадан Қазақстан ерлер командасына жаңа кеңесші маман келді. Венгриялық Ференц Тот шпагашыларды әлемдік жарыстарға бастап бармақ.

Семсерлесуден Қазақстан командасы үш бірдей ірі жарысқа қатысады

Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері наурыздың аяғында үш бірдей ірі жарысқа қатысады. Атап айтар болсақ, нояндар Аргентина, Венгрия және Бельгияда өтетін әлем кубогі кезеңдерінде сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz.

20-25 наурыз күндері Аргентина астанасы Буэнос-Айресте шпагадан ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңі өтеді. Аталған бәсекеге Қазақстан атынан төмендегі спортшылар қатысады: Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Иван Дерябин.

Наурыз айынан бастап шпагадан Қазақстан ерлер командасына жаңа кеңесші маман келді. Венгриялық Ференц Тот шпагашыларды әлемдік жарыстарға бастап бармақ. Аргентинада қазақстандық спортшылар тұңғыш рет Ференцтің нұсқауымен сынға түседі.

21-25 наурыз күндері Бельгияның Сент-Никлас қаласында саблядан әйелдер арасындағы әлем кубогі кезеңі жеңімпаздарды анықтамақ. Бельгия төрінде Қазақстан атынан Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина, Татьяна Приходько және Карина Доспай бақ сынайды.

Ал дәл осы кезеңде Будапештте өтетін сабялдан ерлер арасындағы әлем кубогі додасына Қазақстан атынан Нұржан Кәрім, Саттархан Назарбай, Рахманәлі Мұхамедәлі және Дамир Ибрагимов аттанады.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының бас бапкері – Алексей Писцов.

Еске сала кетейік, Дмитрий Алексанин шпагашылар арасындағы әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу