Алматыда семсерлесуден сабляшы қыздар арасындағы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Сабляшылар арасындағы сында Әйгерім Сарыбай жеңіске жетті. Ол финалда командаласы Айбике Хабибуллинадан басым түсті.
Қола медаль Тамара Почекутова мен Татьяна Приходько еншісінде.
Айта кетелік, ерлер арасындағы бәсекеде Бақдәулет Құралбекұлы чемпион атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу