Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирі шілде айына дейін тоқтатылды

863

FIE сәуір, мамыр және маусым айларына жоспарланған турнирлерді өткізбейді. 2020 жылдың наурыз айына дейінгі нәтижелер мен іріктеу сындарындағы ұпайлар сақталады.

Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирі шілде айына дейін тоқтатылды

Қытайда басталған коронавирус індетінен барлық спорттық жарысты тоқтатуға тура келді. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 2020 жылдың сәуір, мамыр және маусым айына дейінгі жарыстарды кейінге шегерді, деп жазады Olympic.kz. 

"Бірнеше айдан бері Covid-19 індеті бүкіл әлемді аяғынан тік тұрғызды. Барлық спортшыларды, федерациялар мен семсерлесу спортының жанкүйерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен өз елдеріңіз ұсынған нұсқаулықтарды сақтауға шақырамын. Халықаралық Олимпиада комитеті Токио ойындарының мерзімін ауыстырған соң, FIE атқарушы комитеті бірқатар шешім қабылдады", – деп жазылған FIE президенті Алишер Усмановтың жазбасында. 

Әлемдегі ахуалды ескере отырып, FIE сәуір, мамыр және маусым айларына жоспарланған турнирлерді өткізбейді. 2020 жылдың наурыз айына дейінгі нәтижелер мен іріктеу сындарындағы ұпайлар сақталады. Олимпиадаға іріктеу турнирлері қайта басталған соң, рейтинг де іске қосылмақ. 

Ерлер мен әйелдер араындағы әлем кубогінің төрт кезеңі кейінге шегерілді. Аталған бәсекелер коронавирусқа қатысты жағдай реттелген соң өткізілетін болады.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу