Семсерлесуден Токио олимпиадасына іріктеу турнирінің жаңа мерзімі жарияланды

683

Токио ойындарының іріктеу кезеңі айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. 

Семсерлесуден Токио олимпиадасына іріктеу турнирінің жаңа мерзімі жарияланды

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 201 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің жаңа мерзімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Олимпиада ойындарында рапира, сабля және шпагадан ерлер мен әйелдер арасында 12 жүлделер жиынтығы ойнатылады. 

Командалық сында әр қару түрі бойынша сегіз құрама сынға түседі. 2021 жылдың 5 сәуіріндегі әлемдік рейтингіге сәйкес алғашқы төрт команда және құрлықтық іріктеу топтарында 5-тен 16-орынға дейінгі жайғасқан командалардың жеңімпаздары Олимпиада жолдама алады. 

Жекелей сында әр қару түрінен 34 спортшы сынға түседі. 

Командалық турнирде сынға түсетін 24 спортшы (әр командадан үш спортшыдан);

FIE рейтингінде алғашқы алтылыққа енген спортшы; олар командалық сынға қатыспауға тиіс;   

Құрлықтық іріктеу сындарында жеңімпаз атанған төрт спортшы; 

Жапония жарысты қабылдаушы мемлекет ретінде әр қару түрінен жалпы есебі сегіз спортшы қатыстыра алады; 

Олимпиада қарсаңындағы әлемдік рейтинг 2021 жылдың 5 сәуірінде аяқталады. Ал құрлық іріктеу турнирлері 2021 жылдың 15-30 сәуірі аралығында өтеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу