Алматыдағы республикалық спорт колледжі ғимаратында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Турнирге еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысуда. Бүгін жасөспірім ұлдар мен кадет қыздар арасында саблядан бәсеке басталды.
Спортшылар сабля, шпага және рапирадан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді өзара анықтайды.
Ал әр қару түрінен жарыс үш күнге созылады. Чемпионат 31 қаңтар күні аяқталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу