Сенатор отандық кинематографистерге салық жеңілдігін беруді ұсынды

378

Сенатор Қайрат Тастеев депутаттық сауалында отандық киноиндустрияны дамытудың маңызына тоқталды.

Сенатор отандық кинематографистерге салық жеңілдігін беруді ұсынды Фото: google.com

Ол қазақстандық кинематографистер, продюсерлерге қаржылай қолдау және салық жеңілдіктерін беруді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бүгін біз өзіміздің мәдени болмысымыз бен шығармашылық салаларымызға қысым жасайтын шетелдік телесериалдардың толқынына тап болдық. Экрандарымызда шетелдік телехикаяларды көрсетуді шектеу отандық киноөөнімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда теледидарды көру бойынша ірі қалаларда күн сайын 47 пайыз, апта сайын 72 пайыз адам теледидарды көреді екен. Жалпы теледидардағы шетелдік өнімдердің көптігі ұлттық мәдениеттік сәйкестікке қауіп төндіреді", - деді сенатор.

Ол шетелдік сериалдарда басқа мәдени стереотиптер мен құндылықтар басым екенін жеткізді.

"Кино өндірісін қаржыландыруға тоқталсақ. Егер Қазақстанда әр түрлі бағалаулар бойынша серия үшін төлем 6 мың доллардан 30 мың долларға дейін болса, онда Ресейде серия үшін 200 мың доллардан 400 мың долларға дейін жұмсалады. Шетелдік телехикаяларға тыйым салу және өз өндірісіміздің кинофильмдерін дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе де алуан түрлі. Мысалы, Францияда телеарналарда француз фильмдерінің белгілі бір санын таратуға міндеттейтін заңдар бар. Сондай-ақ киноиндустрия үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Оңтүстік Корея киноиндустриясында қаржылық қолдау, салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар ұсынылады", - деді Қайрат Тастекеев. 

Сенатор өз кезегінде бұл мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

"Отандық телеарналарда шетелдік телехикаяларды көрсетуді шектейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу арқылы шетелдік телехикаяларды шектеу. Екінші – отандық индустрияны қаржылық қолдау, телерадиохабарларын тарату туралы заңның 28-бабында бекітілген отандық телеарналардың апта сайынғы телерадиохабарларын тарату көлемінде отандық телебағдарламалардың ең аз санын арттыру туралы мәселені қарау", - деді ол.

Бұдан бөлек кино және теледидар саласында білім беру бағдарламаларының болуын, сондай-ақ теледидардағы шетелдік үлес көлемін реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу қажеттігін де баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу