Сенаторлар бір күндік жалақысын Байзақтағы апаттан қаза тапқандардың отбасына аударады

938

Сенат депутаттары бір күндік жалақысын Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына аударады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сенаторлар бір күндік жалақысын Байзақтағы апаттан қаза тапқандардың отбасына аударады

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған төтенше жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша жарылыстан қаза болғандардың отбасына және зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Осыған байланысты Сенат депутаттарының бір күндік жалақысын зардап шеккендерді қолдауға арналған қорға аудару туралы ұсыныс бар", - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Бұл ұсынысқа сенаторлар қарсылық білдірген жоқ.

"Осы ұсынысты қабылдаймыз. Аппарат тиісті жұмысты ұйымдастырады", - деді Сенат төрағасы.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болған. Салдарынан 15 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу