Сенаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасымен жұмыс істеуде

719

Бұл туралы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында белгілі болды. 

Сенаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасымен жұмыс істеуде

Алдағы 17 қыркүйекте өтетін жалпы отырыста Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. 

Отырыс барысында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар қаралды. 17 қыркүйекте сенаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласына қатысты заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылайды. Заң жобасының басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізу.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының 2020 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен түскен заң жобалары комитеттерге бөлініп берілді.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті "2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу