Жасақ басшысы Владимир Цой Түркия Республикасындағы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару жұмыстарына жетекшілік етті, жасақтың техникалық жарақтандырылуы туралы айтып өтті, ал құтқарушылар сүңгуір жабдықтарын, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғаудың техникалық құралдарын, авариялық-құтқару техникасын, оның ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жұмыс істеген кезде құтқарушылар пайдаланған техникаларын көрсетті.
Депутаттар кинологиялық бөліміне ерекше назар аударып, Қазақстанмен ынтымақтас Түркия еліндегі жер сілкінісінен кейін, үйінділер астында адамдарды іздеумен айналысқан кинолог-мамандары мен құтқарушы иттердің жұмысын атап өтті.
Делегация төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалап, ТЖМ құтқарушыларын әлеуметтік қорғауда жан-жақты қолдау көрсетуге ниет білдірді.