Іс-шара барысында осы саладағы ұлттық заңнамаға енгізілетін түзетулер және сот жүйесін реформалау бойынша құрылған жұмыс тобы атқарған істің қорытындысы талқыланды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы құрылған жұмыс тобы сот жүйесін реформалауға қатысты ұсыныстар әзірлегенін айтып, олардың негізгі бағыттарына тоқталды.
Оның дерегінше, жұмыс тарапынан судьяларға күштік органдардың қысымын төмендету және қылмыстық процесте бәсекелестікті дамыту тетіктері ұсынылды.
"Одан бөлек қамауда ұстауға балама бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге арналған тетіктер де ұсынылды. Адамгершілік бағыттағы балама ретінде зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмыс жасағандар үшін электронды білезік тағу мәселесі көтерілді. Бастамалардың тағы бірі сот процесінде "іс бойынша объективті шындық" пен әділ шешімге кепілдік берумен байланысты. Жұмыс тобы азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарының тізбесіне "әділдік қағидатын" енгізуді ұсынды. Судья шешім шығарған кезде соған сүйенуге тиіс. Әрине, ол үшін бұл шешім заңға негізделуі және оның шегінен шықпауы қажет. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін медиативтік қызметтерге мемлекеттік кепілдік беруді енгізуге ерекше назар аударылды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, жұмыс тобы жоғары тұрған мемлекеттік орган басшылары және жоғары тұрған лауазымды адам жетекшілік ететін салаларда сот талқылауы болған жағдайда олардың міндетін белгілеуді ұсынып отыр. Бұл қадам жоғары тұрған органдардың үйлестіруші рөлін арттыруға, мемлекеттік органдардың күмәнді шешімдерін азайтуға мүмкіндік береді.