Сергей Архипов орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқандардың қатарына кіре ме?

442

Бұл мәселені үкіметтік комиссия шешпек.

Сергей Архипов орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқандардың қатарына кіре ме? Фото: Instagram/oo_osa_semey_vko

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Оны қосу не қоспау туралы мәселені үкіметтік комиссия шешеді. Егер оның асырауындағы адамдар болса, қайтыс болуына байланысты асыраушысынан айырылғандығы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы міндетті түрде тағайындалады. Бұдан бөлек мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем төленеді. Аталған қаражат ол өрт сөндіруге қатыссын не қатыспасын міндетті түрде төленеді", - деді ведомство басшысы.

Осы мәселеге қатысты Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та пікір білдірді.

"14 орманшы бір уақытта бір топта көз жұмды. Одан кейін  трактормен шыққан адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп, оның денесі табылды", - деді ол Сенат отырысынан кейін. 

Тілшілер спикерден "Оның туыстарына көмек беріле ме?" деген сұрақ қойды.

"Қазір ештеңе айта алмаймын. Барлығы экспертизадан кейін белгілі болады. (...) Енді ол өрттің ішінде болған соң он бес адам деп айтып отырмыз ғой", деп қысқа қайырды Ибрагим Күлшімбаев.

Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев марқұм Сергей Архипов өрт құрбаны болып есептелмейтінін айтқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу