Сергей Лавров Беларусьтің ШЫҰ-ға кіруі туралы пікір білдірді

211

Беларусь ұйымның оныншы мүшесі атанды. 

Сергей Лавров Беларусьтің ШЫҰ-ға кіруі туралы пікір білдірді Фото: Риа Новости

Ресей Беларусьтің барлық халықаралық процеске қатысуына мүдделі. Бұл туралы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл одақтас мемлекеттің бөлігі. Біз одақтас мемлекеттің барлық халықаралық процеске қатысуына мүдделіміз", - деді Ресей Сыртқы істер министрі "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасына берген сұхбатында. 

Ақпаратқа сәйкес, Беларусь тарапы қысқа уақытта ШЫҰ-ға толыққанды мүше болу үшін барлық қажетті рәсімді орындады.

Айта кету керек, осыған дейін Беларусь елі Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу