Серік, Руслан есімді жүргізушілер жиі жол апатына түседі

1233

Сақтандыру компаниясы жиі апатқа түсетін жүргізушілердің есімдерін жариялады.

Серік, Руслан есімді жүргізушілер жиі жол апатына түседі

Қазақстанда Серік, Руслан, Әмір есімді жүргізушілер жиі жол апатына түседі. Мұндай деректі "Лондон-Алматы" СК жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олардың үлесіне сәйкесінше жалпы жол апаттарының 2,1%, 1,8%, 1,7% тиеселі. Сонымен қатар ондыққа Санжар (1,7%), Сұлтан (1,7%), Әлихан (1,67%), Данияр (1,65%), Александр (1,62%), Берік (1,62%) және Абай (1,62%) кіреді. 

Ал әйелдер арасында Диана (1,54%), Амина (1,31%), Аружан, Сабина, Iнжу, София (1,125%) есімділер жол апатына жиі түседі екен. 

Сақтандыру компаниясы мұны жол апатынан кейін төлем рәсімдеген полис иелерінің статистикасы негізінде анықтаған. 

Компанияның мәліметінше жол апатына 24-33 жас аралығындағы ер және әйел адамдар жиі түсетінін де хабарлап отыр. Жол апаттарының басым бөлігіне 5 жылға дейінгі адамдар кінәлі екен. 

Айта кетейік, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында 3 677 жол апаты болып, 5 431 адам зардап шеккен. Оның 3 566-на немесе 96%-ына жүргізушілер кінәлі, оның 109-ы алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырғандар. Жол апатының басым бөлігі Алматы қаласында, салдарынан болған адам өлімінің көпшілігі Алматы облысында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу