ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті Серік Сәпиев кәсіби боксшы Фируза Шарипованың мәлімдемесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
"Отандық спортшыға қолдау көрсету мақсатында, Фируза Шарипованың WBC чемпиондық белбеуінің иегері Ева Вальстреммен біріккен жекпе-жегін өткізу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың мамыр айында 74,8 млн көлемінде қаражат бөлді. Алайда, осы жекпе-жекті өткізудің орнына, Юлия Куценкомен өз титулын қорғау жекпе-жегін өткізген. Осылайша, аса маңызды бірлескен кездесуге бөлінген 74,8 млн теңге қаражат қорғау жекпе-жегін ұйымдастыруға жұмсалған",– делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетсек, Фируза Шәріпова IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан және WBC Silver белбеуінен айырылған болатын.
Боксшының айтуынша өткен жылдың соңында Ева Вальстреммен бірлескен айқас өткізуге қаражат табылмаған. Көмек сұрағанымен, әкімдіктер мен Мәдениет және спорт министрлігінен қайран болмапты.