Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен жаңа инвестицияларды талқылады

103

Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті. 

Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен жаңа инвестицияларды талқылады Фото: primeminister.kz

Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайтыны атап өтілді. 1993-2026 жылдар аралығындағы ынтымақтастық шеңберінде көлік, білім беру, экология, "жасыл" технология мен цифрландыру саласында $8 млрд-тан аса сомаға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Тараптар ағымдағы жылғы мамырда жоспарланған инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық бағдарламаны талқылауды қосқанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірлігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу