8 қаңтар күні Air Astana әуе компаниясының Сеул-Астана бағытындағы KC210 рейсі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Air Astana дерегінше, рейс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:25-те Сеулден ұшып шығып, 11:50-де Бейжіңдегі әуежайға сәтті қонды.
"Ұшақ техникалық себептерге – барлық дәретхананың істен шығуы салдарынан қонуға мәжбүр болды. Қазір ақауды жою үшін қосалқы бөлшек жеткізілуі күтілуде. Рейстің ұшу уақыты жергілікті уақыт бойынша 01:00-ге ауыстырылды", – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.
Айта кету керек, бұған дейін Фукуок-Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы әуежайға кері оралғанын жазғанбыз.