Ақтау - Жетібай бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Hiace шағын автобусы түйемен соқтығысқан, деп хабарлайды 24.kz.
Жол апаты қарашаның 21-інен 22-іне қараған түні болған. Қатты соққы салдарынан көліктің алдыңғы жағы қатты зақымданып, жануар салон ішіне кіріп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша оқиға орнында бір жолаушы қайтыс болған. Ол 19 жастағы жігіт болып шықты. Тағы екі зардап шеккен адам Жетібай ауруханасына жеткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу