Шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға арттыру көзделуде

1056

Шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға арттыру көзделуде

Үкімет отырысында таныстырылған стратегиялық даму жоспарын сарапшылар тобы кеше біздің арнаның эфирінде талқылаған болатын. Ондағы басым бағыттың бірі ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 пайызға дейін арттыру. Қазіргі уақытта аталған саланың үлесі 17 пайызды құрайды. Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов аталмыш талқылауда осылай деді. Жалпы, стратегиялық жоспарда қоғамдық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті бизнесті қалыптастыру көзделуде. 2025 жылға дейін әсіресе мемлекеттің кәсіпкерліктегі үлесі бірте-бірте азайтылмақ.

Абылай Мырзахметов, "Атамекен" КҰП басқарма төрағасы: "Стратегиялық жоспар бойынша жеті жылдың ішінде шағын және орта бизнестің үлесі екі есеге арттыру керек. Демек, біз жыл сайын сараптама жасай отырып, бизнес саласындағы мемлекеттің құқығын азайтатын боламыз. Уақыт өткен сайын, әлбетте, бюджеттік саясат өзгереді. Яғни, тиімсіз шаралар тәжірибеден алынып тасталып, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі".

Айта кетейік, 2025 стратегиялық жоспары мемлекет басшысы ұсынған Стратегия-2050 мен ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Негізі бағыт жаңа адам капиталы болып отыр. Оған сәйкес, басты құндылық адамның өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жеткізілмек. Білім саласына да ерекше ден қойылып отыр. 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі оқыту 100 пайыз қамтылмақ. 1 мен 6 жастағыларды дамыту бағдарламасы бойынша шаралар 99 пайыз жүзеге аспақ. Жан басына шаққандағы жажалпы ішкі өнім – 46,100 долларға, шағын және орта бизнестің үлесі 35 пайызға, халықтың 40 пайызының кіріс көлемі – 27,негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі 19,4 пайызға және өңірлердегі даму 2,7 есеге өспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу