Шахтадағы апат: 5 адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

737

Газ шыққан кезде шахтада барлығы 106 адам болған.

Шахтадағы апат: 5 адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: azattyq-ruhy.kz

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада 5 адамның қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газдың шығуы салдарынан 4 жұмысшының қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, газ шыққан кезде шахтада 106 адам болған. 101 кенші жер бетіне көтерілген. Ал көтеру құрылғысының жұмысын қамтамасыз ету үшін 5 адам қалды.

Оқиға орнында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, қала әкімі, компания басшылығы, апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аттанды. Онда ол құрылған комиссияны басқаратын болады.

ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бесінші жұмысшының мәйіті бүгін 9:09-да табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу