"Шайтанның азғыруына ердім": Марқұм Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты

Ол өз кінәсін мойындаған, оған өкінеді және бәрінен кешірім сұрайды.   

"Шайтанның азғыруына ердім": Марқұм Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты Фото: марқұмның архивінен

32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сотта айыпталушы, марқұмның жұбайы Айбар Жанболат соңғы сөзін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот отырысында куәгерлердің жауаптары тыңдалып, айыпталушының кінәсін растайтын сот-медициналық сараптама қорытындылары ұсынылған. Сарапшылар алған жарақаттардың өмірге тікелей қауіп төндіргенін және өлімге әкелгенін мәлім етті. 

Марқұмның күйеуі оны өлтіргісі келмегенін жеткізіп, шайтанның азғыруына ергенін мойындады. 

– Баршаңыздан кешірім сұрағым келеді. Жасаған ісімді мойындаймын, оны өлтіргім келген жоқ. Бұл абайсызда болды. Шайтанның азғыруына ергенімді мойындаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Үкімге де, жазаға да дайынмын, кінәмді түсінемін. Алла Тағала бұл ісім үшін мені кешірсін, – деді ол сотта.

Бұған дейін марқұм Айзат Жұманованың күйеуі 15 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған едік. 

Десе де, қаза тапқан Айзаттың анасы Салтанат Жұманова оның өмір бойына соттауды талап еткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу