Мәдениет және спорт министрлігінің назарын талап ететін мәселелермен таныстым.
Қабылдауда көтерілген тақырыптардың бірі Солтүстік Қазақстанда туризмді дамыту болды. Шалқар көлінің жанында үлкен туристік нысан салу жобасының авторларымен кездестім. Жоба 2019 жылдан бастап СҚО әкімдігімен бірлесіп әзірленіп жатыр, сондай-ақ "Kazakh Tourism ҰК" АҚ мақұлдаған. Алайда оны жүзеге асыру үшін қолайлы жер учаскесін бөлу қажет, деді Асхат Оралов.
Сонымен қатар министр, кәсіби гидтердің жетіспеушілігіне тоқталды. Мұндай кадрларды даярлау отандық туризмді дамытуда өте маңызды екенін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу