Шаруалар көктемгі егіс жұмыстарына 23 миллиард теңге алды

492

Отандық шаруалар алғаш рет көктемгі егіске дайындық қаражатын ерте алды. 

Шаруалар көктемгі егіс жұмыстарына 23 миллиард теңге алды Фото: yandex.kz

Келер жылдың егін егу жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы 23 миллиард теңге бөлді, деп inbusiness.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды . Енді шаруашылықтар көктемге ерте қамданатын болды.

"Кең дала" бағдарламасын іске асыруға несие серіктестіктері белсенді қатысады. Солардың бірі "Целиноград" несие серіктестігі Ақмола облысының шаруаларын 940 миллион теңгеге қаржыландырды. Қаржы ұйымының басшылығы бұл қаражат 2023 жылғы егіс науқанын тиімді жүргізуге көмектесетінін айтып отыр.

Биылғы макроэкономикалық жағдайды, егіс және егін жинау науқанындағы шығындардың артуын, осы саладағы несие қаражатына сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, мемлекеттен қосымша 70 млрд теңге бөлінді.

Келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінетін  қаржы көлемі 140 млрд теңге болады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу