Шаруаларға 400 мың тоннаға жуық тыңайтқыш жеткізілді

845

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 22,8 млн гектар жерді құрады.  

Шаруаларға 400 мың тоннаға жуық тыңайтқыш жеткізілді

Ал әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар дақылдардың алқабын кеңейту міндеті жүктелді. 

Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Көктемгі дала жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Шаруалар ылғал жабу, жер жырту және өңдеу сияқты маңызды технологиялық операцияларды жүзеге асыруда. Бүгінгі күні жалпы егіс алаңының 16,7 млн гектарына немесе 88,5%-на дәнді дақыл егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млн гектарға көп көрсеткіш", – деді бірінші вице-министр.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында егіс жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыс Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарында шарықтау шегіне жеткелі тұр. 

"Шаруалар тұқыммен толық қамтылды. Тұқымның 90%-ы стандартқа сай болды. 500 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқышқа тапсырыс берілді. Бүгінге дейін шаруаларға 400 мың тоннаға жуық тыңайтқыш жеткізілді", – деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу