Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам қайтыс болды

1523

Олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім.

Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам қайтыс болды

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қайтыс болды, тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматы облыстық ТДЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, көз жұмғандардың бірі – жасөспірім.

"29 мамыр күні күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның қайтыс болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында 31 құтқарушы, 8 техника және жедел жәрдемнің 4 көлігімен 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Сел жауын салдарынан жүрген. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалған. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу