Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды (видео)

1985

Оқушыны 3-4 шақырым қашықтыққа сел ағызып кеткен. 

Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды (видео)

Шарын шатқалында сел ағызып кеткен оқушы қыз оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оны Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Ермек Өмішев тауып алған. Айтуынша оқушы аздап жарақаттанып қалған. 

"Үлкен Шарын шатқалынан таңертең сағат 7-8 шамасында таптық. Осы аумақтан кеше де іздедік. Бірақ қараңғы болып кеткендіктен іздеу жұмыстарын таңға қалдырдық. Ал күн шыға қайта бастадық. Тапқан кезде ол судың арғы бетіндегі үлкен тастың үстінде тұрды. Аздаған жарақаттары болды. Жанымда экскурсавод Ернар Жүнісов пен бақылаушы Ербол Сатымбаев болған. Дереу құтқарушы топқа хабар бердік", - дейді Ермек Өмішев.

Алматы облыстық ТЖД  мен Республикалық іздеу құтқару отрядының қызметкерлері оқушыға алғашқы көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқушыны әуе көлігі арқылы Алматы ауруханасына жеткізу жолдары қарастылып жатыр. Іздеу жұмыстарына елуден астам адам, кинологтар мен жиырмаға жуық техника жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, 29 мамыр күндізгі 13:35 шамасында Шарын ұлттық табиғи паркінде сел жүрген еді. Сол сәтте оқиға орнында Алматыдан экскурсияға барған мектеп оқушылары мен ұстаздары болған. Оқиға салдарынан мұғалім мен бір оқушы мерт болды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу