Шарын шатқалындағы селден аман қалған оқушының жағдайы қалай?

1112

Медицина қызметкерлері 11 жасар қызға көрсетілген көмек туралы айтты. 

Шарын шатқалындағы селден аман қалған оқушының жағдайы қалай?

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова Шарын шатқалындағы сел кезінде жоғалып, табылған 11 жасар оқушының жағдайы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оқушыны 31 мамыр аурухана алып келді. Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауырлық деңгейінде болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, кейін Нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, емін жалғастырып жатыр", – деді дәрігер. 

Келген кезде 11 жасар оқушы қыздың миды шайқалып, жабық жарақат алған, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылып, сырылған екен. 

"Бала әлі 7 мен 10 күн аралығында ем қабылдайды. Ота жоспарланып отырған жоқ. Бүгінде оның жағдайын тұрақты деп айтуға болады", - деді Алуа Жексенова.

Еске сала кетсек, 29 мамыр сағат 13:35-те Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қайтыс болып, тағы бір оқушы жоғалып кеткен еді. 30 мамыр сағат 7:50-де 11 жасар қызды ұлттық табиғи парк қызметкерлері тауып, құтқарушыларға тапсырған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу