Шарын шатқалындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

1053

Тергеу екі бап бойынша жүріп жатыр.

Шарын шатқалындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

29 мамыр Шарын ұттық табиғи паркінде екі адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпараттар тергеу амалдарының жүріп жатқанына сәйкес жарияланбайды", - деп жазылған полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қылмыстық істің бірі қауіпсіздік талаптарына сай қызмет көрсетпегендіктен адам өліміне әкеп соққан жағдай бойынша қозғалса, екіншісі баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау бабы бойынша қарастырылуда.

Еске сала кетсек, 29 мамыр күні сағат 13:35-те Алматы облысындағы Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам қайтыс болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу