Істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот қарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оған бұрынғы әйелі Дана Әтешова мен балаларын үйінен қуған кезде күш қолданды деген айып тағылды.
Марат Әйтенов сотта сөз сөйледі. Айтуынша, оқиға болған күні ол Дана Әтешованы "ұрмаған, шашын жұлып сүйремеген және күш қолданбаған".
Бұдан бөлек "балаларға қауіп төнген жағдай болғанын, әкелік міндетін орындау үшін сол жерде болғанын" да айтты. Айыпталушы бұрынғы әйеліне зиян келтіру ниеті болмағанын, балаларды қорғағысы келгенін айтты.
"Шашынан жұлып, жұлқылаған емеспін. Балаларыма жақсы тәрбие берген әкемін. Зорлық көрсеткен емеспін. Ұрған жоқпын. Сараптама кезіндегі көгеру белгілері 1 немесе 3 тәулік аралығында Әйтешова өз-өзіне жасаған болу керек. Құрметті сот, аяқ-қолын қатты ұстағаным рас. Ашуын басуын үшін жерге құлап, басын жармауы үшін қолыммен қатты ұстағаным рас. Мен оны сүйреген жоқпын. Өзі құлайын деп жатқанда ұстап қалғаным рас. Ал шашымнан тартқаным туралы бұл жалған. Керісінше, балаларымның анасына ешқандай теріс пиғылым жоқ. Себебі балаларымды қауіп-қатерден сақтап қалу бар ойымда болды", – деді Марат Әйтенов.
Жауапкердің адвокаты Амитов неліктен Дана Айтешованың сыртқа шығарып жібергені туралы Әйтеновқа сұрақ қойды.
"Сот шешімін орындауға кедергі жасап жатқаннан кейін қауіп-қатерден сақтап қалуға тырыстым. Себебі сол кезде сот орындаушылары үйде болған еді. Оқиға орнына сот орындаушысы Алмасбектің талабы бойынша үйге келдім. Әкелік борышыңды орындау керексің, балаларыңды қауіпсіз жерге алып кетуің керек деп айтты. Үйге барған кезде балаларымның жағдайы адам көргісіз күйде болды. Балалардың өзі кімнен көмек сұрайтынын білмей жылап отырды. Бұл жағдайлардың бәрін өз көзіммен көрдім", – деп түсіндірді Марат Әйтенов.
Марат Әйтеновтың айтуынша, оқиға орнына балаларды қорғау уәкілдіктерінен өкілдер болған. Балаларды қауіпсіз жерге апару керек деген өтінішті Дана Әтешова ескермеген.
Айта кету керек, осыған дейін Марат Әйтеновтің балаларына психологиялық көмек көрсетілетінін жазған болатынбыз.