Шавкат Мирзиеёвтің Президенттік қызметі отставкалардан басталды

867

Шавкат Мирзиеёв сайлауда дауыс берушілердің 87,05% дауысын жинады. 

Шавкат Мирзиеёвтің Президенттік қызметі отставкалардан басталды Фото: NewTimes.kz

Өзбекстан президенті болып жаңадан сайланған Шавкат Мирзиеёв Парламент палаталарының бірлескен отырысында ант берді, деп жазады Inbusiness.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Республика ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаев оған Президенттің жаңа куәлігін табыс етті.

Мирзиеев ел Конституциясы мен Құранға қолын қойып, ант берді. Ол Мемлекет басшысының міндеттерін адал орындауға, Республиканың заңнамасын қатаң сақтауға және оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге ант берді. 

Елдің Негізгі Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, Мирзиеёв жеті жыл бойы президент болады.

Қызметіне жаңа кіріскен Президент, "Азаттық радиосының" мәліметінше, 10 оьлыс пен 2 қаланың әкімдері мен 5 шенеунікті қызметінен босатты.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзиеёвтің бұл шешімі 11 шілдеде өткен видеожиналысты шығарылған. 

Инвестициялық әлеуеті жолға қойымлмалған Навои мен Янгиюля қалалары мен Әмудария, Қорғантепі, Бұхара, Миришқор, Шырақшын, Хатыршын, Пайарық, Акалтын, Гүлістан мен Аққорған облыстарының әкімдері қызметтерінен босатылды.

Сонымен қатар, Президент автожол комитетінің төрағасы Абдурахмон Абдувалиевті, "Өзбекстан темір йуллари" және "Узсувтаъминот" компанияларының басшылары Хұснитдин Хосилов пен Сахиб Саифназаровты, Су шаруашылығы және көлік министрлерінің орынбасарлары Бақтия Камалов пен Абдусамат Муминовты оставкаға жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу