Шегірткені жеуге болады деп айтқан емеспін – Жұманғарин

306

Қазақстанда шегірткенің қаптауы бойынша жағдай жылдан жылға қайталанады.

Шегірткені жеуге болады деп айтқан емеспін – Жұманғарин Фото: inbusiness.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткеге қатысты аты шулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде шиеленіске толы саяси өмір бар, кейде аздап көңіл көтеру үшін де осылай айтамын. Бірақ мен шегірткені жеуге болады деп еш жерде айтқан емеспін. Ол туралы қайда айтылды? Бұл халал өнім екенін айттым. Менің білуімше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары фактчекинг жасады. Енді бұл әңгімені тоқтату керек, инсинуациямен айналысудың қажеті жоқ. Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін, ешқашан азаматтарымызға шегіртке жеуге кеңес бермеймін. Құдайға шүкір, бізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген", - деді Жұманғарин.

Сөзінше, елімізде шегірткенің қаптауы бойынша жағдай жылдан жылға қайталанады. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы осы мәселеге қатысты әлемдік тәжірибені зерттеп жатыр.

Айта кету керек, денсаулық сақтау министрі шегіртке "халал ас" деген мәлімдемеге пікір білдірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу