Шекара жолағын ұлғайту: Шуда 200 гектар жерді мәжбүрлеп иеліктен шығаруда

534

Жамбыл облысында Шу ауданы бойынша 200 гектар жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығарылды.

Шекара жолағын ұлғайту: Шуда 200 гектар жерді мәжбүрлеп иеліктен шығаруда Фото: yuz.uz

Шекара жолағын ұлғайту үшін осындай шаралар жүргізу қажет болған. Қазір жеке меншіктегі иеліктерден мәжбүрлеп қайтарылған жер телімі шекара қызметіне табысталды.

Жалпы Жамбыл облысында жері шекара сызығымен шектесетін 5 аудан бар. Қазір Шу, Қордай, Жамбыл, Жуалы және Меркі аудандарының шекара сызығымен шектесетін аумақтарында шекара жолағын 30 метрден 100 метрге ұлғайту бойынша жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жыл басынан бері Қордай ауданы аумағынан инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі орнатылды. Сондай-ақ қызмет көрсету үшін көлемі 0,0987 гектар жаңа шекара бөлімшесінің құрылысы жүргізілді. Қызмет көрсету үшін тағы да көлемі 2,5 гектар жер учаскесі тұрақты пайдалануға берілді", - дейді Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов.

Жеке меншіктің иелігіндегі жерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі бірқатар даулы мәселелер де туындауда. Қордай ауданында "Ақтас – Қордай", Т.Рысқұловта "Күнту", Байзақта "Үлгілі – 2030" ЖШС-нің жерді телімін иеліктен шығару бойынша қабылданған шешімдерге байланысты наразылықтарын білдіріп, өз талаптарын қойып отыр.

Осы үш аудан аумағында туындаған жер даулары мәселелерін шешу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Қазір тиісті тараптар өзара келісімге келіп, даулы мәселелер шешімін тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу