Судья Шерзат сотында күлген қызға ескерту жасады

297

Судья отырысқа қатысушыларды тәртіп сақтауға шақырды.

Судья Шерзат сотында күлген қызға ескерту жасады Фото: Видеодан скриншот

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті сот, отырған адамдарға ескерту жасасаңыз. Басына көзілдірік таққан адам сотқа құрметсіздік көрсетіп, күліп отыр. Болмаса ол қызды сот залынан шығарып жіберуіңізді сұраймын", - деді мемлекеттік айыпталушы.

Судья сот залында отырған жас қыздан орнынан тұруын сұрады.

"Сізге бірдеңе күлкілі болып тұр ма?", - деді судья Ержан Жанұзақов.

"Бұл жерде ешкім қарқылдап күлкен жоқ. Күлкілі болғаннан кейін бәрі күлді ғой. Мен ғана күлген жоқ шығармын", - деді отырысқа қатысушы.

Судья сот залында отырғандарға ескерту жасап, тәртіп сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу