Онда күдікті Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шағымды осы соттың судьясы А.Беймбетов қарайтын болады.
Аталған ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлаған. Еске салайық, бүгінгі соттың түстен кейінгі отырысы әлі басталмады. Әлеуметтік желіде көпшілік "Е.Жанұзақовтың істі бастағандықтан, өзі аяқтағаны дұрыс" деген сарында пікір жазып, қолдап жатыр.
– Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды, – деп хабарлайды сот.
Еске салайық, Шерзат Полаттың ісінде сот Ержан Жанұзақов келесі отырыста жарыссөз басталатынын мәлім еткен еді.
Бұған дейін сотта сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың алған жарақаттарын айтты.