Шерзат Полаттың сотында айыпталушылар мен жәбірленушілерді беттестірген сәт көрсетілді

Бүгінгі сот процесінде мемлекеттік айыптаушылар сот ісі бойынша айғақтарды таныстырып, тергеу кезінде анықталған деректерді жариялап жатыр. 

Шерзат Полаттың сотында айыпталушылар мен жәбірленушілерді беттестірген сәт көрсетілді Фото: Бейнежазбадан

Кейбір тыңдалым барысында айғақтар мен бейнематериалдарда сәйкессіздіктер көрініс табуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сот барысында күдікті Шыңғыс Белғожаевтың оқиға уақытында марқұм 16 жастағы жасөспірім Шерзатқа қалай күш жұмсағаны туралы айтқан бейнежазбасы экранға берілді. 

Онда айыпталушы Нұрқанатты (Ғайыпбаев) ұрмағанын мәлімдеген. 

– Мен шатасып қалдым, мен мылтық атқан баланы ұрдым деп ойладым, сөйтсем Шерзатты ұрып жіберіппін. Маған дейін әлгі балаға (Шерзатты айтады) пышақ сұғылып қойған екен. Мен Шерзатты жабулы пышақтың сабымен ұрдым, – дейді Шыңғыс Белғожаев.

Одан кейінгі бейнематериалда тағы бір күдікті Азамат Тоқтаубаев тергеу барысында жалған ақпарат таратылғанын және өзіне Шыңғыс Белғожаев тарапынан қысым көрсетілгенін хабарлаған. 

Сонымен қатар, сотта марқұмның анасы сотталушы Азамат Тоқтаубаевтың қолыннан пышақ көргенін және оның Шерзат жерде жатқанда ұрып жатқанын байқағанын айтқан еді. 

Десе де, Азамат Тоқтаубаев оқиға орнында түсірілген бейнежазбада өзінің сол уақытта болмағаны анық көрінетінін ескертіп, соттан бұл деректі назарға алуды сұраған. 

Сот процесінде айыпталушы Дархан Әскентайдың тергеу кезіндегі бейнежазбасы да көрсетілді. Онда сотталушы балалар келгеннен кейін жанжал басталып кеткенін, ешкімге төбелесуге немесе күш қолдануға бұйрық бермегенін сөз еткен.

Бұған дейін келесі сот отырысына Шерзаттың анасы шақырылғанын хабарлаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу