Тікелей эфирде өтіп жатқан сот отырысында ел күтпеген оқиға болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі тыңдалымда сот материалдарын зерделеу жалғасуда.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде жүргізілген беттестіру хаттамасын жариялады. Бұл құжатта прокурор марқұмның Гүлбара Бишимбиева мен Дидар Қалиахметтің арасында өткен беттестіру диалогын оқыды.
– Оқиға болған күні Дидар Қалиахметті көрдім, аты-жөнін қазір ғана білдім. Бұрын арада араздық болмаған. Мені екі бала ұстап тұрған кезде олар Шерзат пен Нұрқатанатты тепкіледі. Ұрып жатқанын нақты көрдім, – деді хаттаманы оқыған прокурор.
Сот процесінде айыпталушы тарап жәбірленуші Гүлбара Бишимбиеваны келесі сот отырысына шақыруға өтініш тастады. Адвокат оның тергеу кезінде берген жауабы мен сотта айтқан мәлімдемесі сәйкес емес екенін жеткізген.
Сот өтінішті қанағаттандырып, жәбірленушіні сотқа шақыруды мемлекеттік айыптаушыларға тапсырды.
Бүгінгі сот барысында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай түсті пышақ болғаны айтылды.
Сондай-ақ, пышақталған Шерзат Полаттың қиын жағдайын әкесі де, анасы да айтып бергенін және ағайынды Тоқтаубаевтардың адвокаты ауысқанын жаздық.