Бүгінгі сот процесінде мемлекеттік айыптаушылар сот ісі бойынша айғақтарды таныстырып, тергеу кезінде анықталған деректерді жариялап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот отырысында айыпталушы Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтардың адвокаттары өзгерген.
Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы ретінде Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Нұрсұлтан Досжанов, Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты ретінде Азамат Сағымбек таныстырылды. Сот оларға еш қарсылық жоқ екенін сұрап, көз жеткізгеннен соң кезекті мемлекеттік айыптаушыларға берді.
Бұған дейін күдікті Дидар Қалиахмет соттан өзін шындық детекторымен тексеруді сұраса, айыпталушы Абзал Шынасыл сотта өзінің түрін көрсетуге рұқсат берген еді.
Бүгінгі сот барысында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай түсті пышақ болғаны айтылды.