Күдікті соттан өзін шындық детекторымен тексеруді сұрады

Айыпталушы Дидар Қалиахмет бұған дейін "102 мен 103-ке хабарласпағаныма өкінемін" деген еді. 

Күдікті соттан өзін шындық детекторымен тексеруді сұрады Фото: Бейнежазбадан

Жауап беру барысында күдікті бұдан өзге көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот барысында "Есімде жоқ, көрген жоқпын, білмедім, байқамадым" деген сөздерді көп айтқан Дидар Қалиахметке адвокат "Сіз сонда оқиға орнында не көрдіңіз?" деген еді. Бірақ, бұл сұрақты сот алып тастады. Десе де, Дидар Қалиахмет мұны есінде сақтап қалып, өзінің шындық детекторына отыруға қарсы емес екенін жеткізді. 

– Маған "ештеңе білмейсің" деді. Қазір технология дамыған заман. Шындық детекторын жалдайық. Ұрдың ба, пышақтадың ба, өлтірдің бе? "Иә" немесе "жоқ" деп сонда айтайын, Бәріне жауап беруге әзірмін, – деді ол.

Сот бұған қатысты "жоқ, керек емес" деп кесімді жауап қатты.

"Оқиға орнынан кетіп қалуға асықтым, 102 мен 103-ке хабарлауға қорықтым" деген Қалиахметке мемлекеттік айыптаушы "мылтық атылған жерге қайта келуден қорықпадыңыз ба?" деп сұрады. Бұл сұраққа күдікті жауап бермеді. 

Бұған дейін прокурор Шерзаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысын жария еткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу