Шерзатты қандай жағдайда аман алып қалуға болатыны айтылды

Жәбірленушілердің адвокаттары Тахир Халимназаровтан "Жанындағы адамдардың Шерзатты аман алып қалу мүмкіндігі болар ма еді?" деп сұрады. 

Шерзатты қандай жағдайда аман алып қалуға болатыны айтылды Фото: Бейнежазбадан

Сот процесінде ол Шерзат Полаттың мәйітіне сараптама қорытындысына қатысты өз нұсқасымен бөлісіп, біршама дерек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Халимназаровтың пікірінше, әр адамның ағзасындағы қан жоғалтуы түрлі болады. Сондықтан, оны нақты айту мүмкін емес. Әрі нақ Шерзат ісінде оның көкірек қуысында 1,5 литр қан жиналғаны белгілі. Бұл өте көп саналады. Өкпесі кесілгендіктен, оны аман алып қалудың бір жолы болған. Ол – тез арада ауруханаға жеткізу. Тәуелсіз сарапшы қан көп жоғалтпаған науқасты аман алып қалудың мүмкіндігі жоғары екенін жасырмайды. 

– Кеуде қуысында 1,5 литр бос қан табылған. Бұл өте көп. Қан тез жоғалтқан кезде 500-600 милилитрден кейін адамның жағдайы ауырлай түседі. Бұл жерде 1,5 литр кетіп тұр. Егер де 1 литрге дейін қан кеткенше көмек көрсетілсе, өмірін аман алып қалуға болар еді. Оны тәжірибеге сүйеніп айтып отырмыз, – деді ол.

Бұған дейін тәуелсіз сарапшы марқұмның қанша қан жоғалтқанын айтса, қанның дәл аузынан ағу себебін де түсіндіріп өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу