Отандық тележүргізуші, журналист Руслан Есмағамбетов марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың ісіне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысы полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 миллионнан 25 миллионға дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе 3 жылдан 7 жылға дейін (шартты түрде) бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деп жазды журналист желідегі парақшасында.
Айта кету керек, осыған дейін Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу