"Шерзаттың анасы айғайлап жатқанда неге тоқтамадыңыз?": Прокурор сотталушыны сұрақтың астына алды

210

Қоғамды дүр сілкіндірген атышулы іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Шерзаттың анасы айғайлап жатқанда неге тоқтамадыңыз?": Прокурор сотталушыны сұрақтың астына алды Фото: Видеодан скриншот

Мемлекеттік айыптаушы сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевқа сұрақ қойды.

"Төбелес басталғанда анасы Бишембиеваның әрекетін айтып беріңізші. Шыңғырып айғайлап жатқан кезде неге тоқтамадыңыз?", - деді прокурор Дана Сәрсенбай.

"Көрген жоқпын, дауысын ғана естідім. Шыңғырып айғайлап жатты. Нақты есімде жоқ. (...) Тоқтадық қой. Бәріміз кетіп қалдық қой. Ол жерде бәрі қас-қағым сәтте ғана, төбелес 2 минут болар болмас болды. Айғайлады, сосын біз кетіп қалдық", - деді сотталушы.

"Төбелес басталмай тұрғанда неге кетіп қалмадыңыздар? Сіздер көпсіздер", - деп нақтылады Дана Сәрсенбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу