Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ

1460

Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.  

Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрбол Ынтымақұлы

Қазақстанның құқық қорғау органдары марқұм Шерзат Полаттың өртенген үйіне қатысты іс бойынша спутниктерден материалдарды зерттеу үшін Ресей тарапына жүгінді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Үлкен көлемдегі сараптамалар жасалғанын айта аламын. Олар бойынша белгілі бір нәтижелер бар. Ресей Федерациясына халықаралық тергеу бұйрығын жібердік. Біз спутник арқылы оқиға болған күні жақын маңда қандай көліктер тұрғанын анықтағымыз келеді. Тиісінше бұл біраз уақытты қажет етеді", - деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Талғарда марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу