ҚР мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің 6 қазандағы қаулысы бойынша шет елден Қазақстанға ұшып келетін жолаушылардың коронавирус дертіне шалдықпағанын растайтын анықтама қағазы болуы шарт. Әйтпесе отандастарымыз 2 күндік карантинге жабылады, ал шет ел азаматтары Қазақстанға бағытталған рейске жіберілмейді.
Осы орайда Аir Astana компаниясы басқа мемлекеттердегі ПТР-тестін тапсыруға болатын зертханалардың тізімін жариялады. Стамбул мен Дубайда орналасқан кей зертханаларда Air Astana жолаушылары үшін арнайы жеңілдік те бар.
Сондай-ақ тізімде жоқ өзге зертханалардан алынған анықтама жарамды саналады. Қазақстан арқылы жол жүретін транзиттік жолаушылардың тест тапсыруы міндетті емес. Олар бар болғаны әуежайдың транзиттік зонасынан шықпауы керек.