Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері мен Қытай азаматы елге шетелдіктерді заңсыз кіргізумен айналысып келген. Бұл туралы Ұлттық Қауіпіздік комитетінің өкілдері хабарлады.
Атырау облысында құрылған қылмыстық топ еліміздің бірнеше қаласында жұмыс істеп келген. Олар алаяқтық жолмен нотариустік мөр жасап алып, жалған компаниялар арқылы жұмыс істеуге Қытай мен Қырғызстан азаматтарын ыхтияр хат арқылы Қазақстанға кіргізіп отырған. Тіпті қылмыстық топтың бір мүшесі электронды үкімет порталынан цифрлық қолтаңба жасатудың жолын тауып, еш қиындықсыз бөгде адамдардың құжаттарын толтырып отырған.
Ведмствоның дерегінше, тек Атырау облысының өзінде ғана 429 шетелдікті елге заңсыз кіргізу бойынша құжаттар анықталған. Ал 2015-2016 жылдар аралығында екі мың адамның заңсыз кіргендігін анықтайтын құжаттар табылған. Бұл былыққа қөші-қон полициясы қызметкерлерінің де қатысы бар болып шықты. Қазір осы ісе қатысты қылмыстық топтың 21 мүшесі түрлі мерзімге бас бостандығына айырылса, екі Қытай және бір Қазақстан азаматына халықаралық іздеу жарияланған.
Ал Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 шетелдік азамат ұсталды. Сот үкімімен олар бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жалған дипломмен жұмыс істеген тағы бір шетелдік анықталды. Прокурорлық қадағалау актісімен оның рұқсаты кері қайтарылып, республика аумағынан шығарылды. Жалпы, биыл Сыр өңірінде 24 мың шетел азаматы уақытша тіркелген. Олардың 94 пайызы Өзбекстан азаматы.